Ақтөбеде кондуктор мен жолаушы автобуста 80 теңге үшін төбелесіп қалды

0
1 073

Даудың басы тиынмен қайтарылған есеп айырысудан басталған.


Ақтөбеде кондуктор мен жолаушы автобуста 80 теңге үшін төбелесіп қалды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік кондукторлар тағы да желіде жұлдыз болды. Қоғамдық көлікте бір-біріне ауыр сөз айтып, төбелескен азаматтардың видеосы Instagram желісінде таралып кетті, деп жазады kaz.nur.kz.

Оқиға 17 маусым күні "Автопарк" ЖШС-не қарасты №22 бағыттағы автобуста болған. Көпшіліктің қызу талқысына түскен видеоны көрген желі қолданушылары екі жақтың да әрекеті дұрыс емес дегенді алға тартты.

Даудың басы тиынмен қайтарылған есеп айырысудан басталған. Жол ақысын бүтін бір мың теңгемен төлеген жолаушыға кондуктор 920 теңгені тиынмен қайтарыпты.

Оған көңілі толмаған жолаушы сөмкесінен 80 теңге тауып, тұтас ақшасын қайтаруды сұрағанға ұқсайды.

Кондуктор мен жолаушы арасындағы қатынас әрі қарай ұрыспен, соңы төбелеспен аяқталған.

Қоғамдық көлікте өзін дөрекі ұстаған кондуктордың мәселесі автопарктегі ішкі тексерістен кейін анықталады.

"Бүгінгі күні оқиға болған автобустағы жүргізуші де, кондуктор да жұмысқа шыққан жоқ. Олар түсініктеме жазатын болады. Ішкі тексеріс жүргізіледі. Екі жақтың да адамдары шақыртылды. Олар бір-біріне қарсы арыз жазып жатыр" , -дейді "Автопарк" ЖШС-нің өкілі Руслан Жылқаманов.