Ақтөбеде мемқызметшілердің қызметтік куәлігі ID-картаға ауыстырылады

0
1 064

Облыстағы барлық мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәліктері 1 маусымнан бастап сәйкестендіру карталарына ауыстырылады.


Ақтөбеде мемқызметшілердің қызметтік куәлігі ID-картаға ауыстырылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Мұндай карталардың артықшылығы - мемлекеттік қызметшінің ЖСН, аты-жөні, лауазымы, мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ тағайындау нөмірі мен күні енгізілген QR кодтың орнатылуында.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес облыстағы барлық мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәліктері 1 маусымнан бастап сәйкестендіру карталарына ауыстырылады.

Сәйкестендіру карталары мемлекеттік қызметшілердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, азаматтар оларға қызмет көрсеткен мемлекеттік қызметшінің дерегімен картада көрсетілген ақпарат арқылы таныса алады, - деді Рафхат Бисенов.

Қазір мұндай карталармен Хромтау ауданы әкімдігінің қызметкерлері қамтылған. Алдағы уақытта бұл карталармен барлық мемлекеттік орган қамтамасыз етіледі.