Өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты. Мектептегі 900-ден астам оқушы мен мұғалім эвакуцияланды, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға бүгін сағат 08:01-де тіркелді.
112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Сәтпаев көшесінде орналасқан №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Шақырту орнына жедел түрде 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді.
«Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 1-қабатта орналасқан кабинеттің жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мектеп-лицейден 890 оқушы және 60 мұғалім эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілді. Өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.