Полиция қызметкері отадан кейін ем алып жүрген.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында полиция қызметкерінің денесі тұрғылықты мекенжайынан табылды, деп жазады inform.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкері отадан кейін ем алып жүрген.
— Полиция қызметкерінің денесінде ешқандай зорлық белгілері байқалмаған. Ол отадан кейін ем алып жүрді, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Алайда полиция қызметкерінің жасы мен оның қызмет жолы туралы қосымша ақпарат берілмеді.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде полиция қызметкері табельдік қарудан оқ атып, танысын жаралады. Жараланған танысы дін аман, ауруханада ем қабылдап жатыр.