Ақтөбеде шетелдік жарты жылда жол ережесін 147 рет бұзған

0
489

Ол ресейлік есептегі автокөлігімен жүрген.


Ақтөбеде шетелдік жарты жылда жол ережесін 147 рет бұзған

ERNUR.KZ. Өзбекстан азаматы Қазақстанда жол ережесін 147 рет бұзған. Ер адам ресейлік нөмір тағылған көлікпен жүрген, деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция мәліметі бойынша, шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхаты болған. Ол ресейлік есептегі ВАЗ-21099 автокөлігімен жүрген. Жыл басынан бері жүргізуші 147 рет жол ережесін бұзған.
"Қала жолдарында жүргізуші асыққан жылдамдықпен 146 рет ереже бұзып, бір рет бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен. Айыппұлдың жалпы сомасы 3,39 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Полицейлер материалдарды жинап, шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолдайды.