2017 және 2018 жылдары туған үш бала үлкендердің назарынан тыс қалған.
ERNUR.KZ. Ырғыз өзеніне үш бала батып кетті. Қайғылы оқиға Ырғыз ауданы Ақши ауылында болды, деп жазады exk.kz.
"Ақтөбе облыстық ТЖД кезекші бөліміне сағат 19:00-де хабарлама түсті. Ақши ауылынан бір шақырым қашықта жатқан Ырғыз өзеніне үш баланың суға батып кеткені белгілі болды", - дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 және 2018 жылдары туған үш бала үлкендердің назарынан тыс қалған. 4 және 5 жастағы қыз бала бір отбасынан болса, 4 жасар ұл екінші отбасының баласы.