Ақтөбеде жеңіл көлік велосипедтегі екі жігітті қағып кетті

0
895

Оқиға түнгі уақытта болған.


Ақтөбеде жеңіл көлік велосипедтегі екі жігітті қағып кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында жеңіл көлік пен велосипед соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша 23 шілде күні сағат 00:50-де қайғылы оқиға тіркелді. Қаладағы Ақжар-1 ауылы маңындағы айналма жолмен жүріп келе жатқан көлік жүргізушісі велосипедке соқтығысқан. Салдарынан велосипедтегі 25 және 26 жастағы екі жігіт көз жұмды.

Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Kia" автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қамауға алынды. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.