Ақтөбеде жеті бірдей саяжай өртке оранды

0
1 084

Қызыл жалынның екпіні қатты болғаны соншалық өрт сөндірушілер екі күн бойы сөндіру жұмыстарын жасады.


Ақтөбеде жеті бірдей саяжай өртке оранды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының Кірпішті елді мекенінде 40 га жер қызыл жалынның астында қалды. Өрт оқиғасы кезінде 37 адам қауіпсіз аймаққа шығарылған, деп жазады Aktobenews.kz.

Қызыл жалынның екпіні қатты болғаны соншалық өрт сөндірушілер екі күн бойы сөндіру жұмыстарын жасады.

«Өрттің қай жақтан шыққаны белгісіз. Үйде үш адам құрылыс жұмыстарын жасап жаттық. Өртті көргенде бәрін тастай қаштық. Үйімнің төбесін 2 күн бұрын ғана жапқан едік. Енді бәрі жарамсыз болып қалды»,-дейді тұрғын Берік Ақшолақов.

Өрт сөндіру қызметі сайжайдағы өртті 1 сағаттың ішінде сөндірген.

Мамандар жеті бірдей саяжай ұжымының бір мезетте қызыл жалынның арасында қалу себебін анықтап жатыр.

«6 мамыр күні сағат 13:01 шамасында Алматы ауданындағы саяжайларда құрғақ шөптің өртену оқиғасы тіркелді. Сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 150 адам, 16 техника шықты. Зардап шегушілер жоқ»,-дейді ТЖД-нің баспасөз қызметі.