Ақтөбеде жоғалған баланы іздеу жұмыстары шекара аумағында да жүріп жатыр

0
96

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының 10 жастағы тұрғыны Мансұр Саматов әлі табылмай жатыр.


Ақтөбеде жоғалған баланы іздеу жұмыстары шекара аумағында да жүріп жатыр

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Елек өзені Ресейдің Орынбор облысы аумағына қарай ағады. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі көршілес әріптестеріне де хабар берді, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының 10 жастағы тұрғыны Мансұр Саматов әлі табылмай жатыр. Іздеу жұмыстары екі аптаға созылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, 20982 әскери бөлімі мен полиция, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен еріктілер, жергілікті тұрғындар да көмекке барды.

- Құтқару жұмыстарына қазіргі таңда барлығы 110 адам жұмылдырылды. Оның ішінде құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологиялық есептоп және медицина қызметкері бар.
Сонымен қатар 21 техника, 11 жүзу құралы және 6 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Күн сайын сүңгуірлер су айдында 30–35 шақырым аумақты қамтиды. Жүзу құралдары арқылы 25–30 км жүзіп өтеді.
Ал жаяу топтар 15–20 шақырымдық жағалауды қарайды. Дрондардың көмегімен 10–15 км аумақ зерттеледі. Сондай-ақ эхолот аппараты да белсенді түрде қолданылып жатыр. Өзендегі қатты ағыс, қамыс пен өсімдіктің қалыңдығы және лай су қиындық келтіріп тұр. Іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы күндіз де, түнде де жалғасып жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Ақтөбе облыстық ТЖД көршілес Ресей өңіріне де хабар берді. Жергілікті атқарушы орган өкілдері, шекарашылар мен құтқарушылар Орынбор облысының Ақбұлақ ауылы маңындағы Елек өзенінде де іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.