Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы қыздар өзге аудандағы ағасының үйінен табылды

0
1 115

Екі оқушы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шығып кетіп, хабарсыз қалған. Олар Хромтаудағы әжемізге барамыз деп кетіп қалған.


Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы қыздар өзге аудандағы ағасының үйінен табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде Қобда ауданы, Бесқұдық ауылынан шығып кетіп, хабарсыз қалған 8 және 9 сынып оқушылары ағасының үйінен табылды. Олардың Хромтау ауданына қалай жеткені тексеріліп жатыр, деп жазады inform.kz.

- Полиция қызметкерлері іздеу жұмысын жүргізіп, апалы-сіңлілі оқушыларды Хромтау қаласынан тапты. Қыздар полиция бөліміне жеткізілді. Полиция бөліміне оқушылардың әжесі шақырылды. Олардың үйден кетіп қалу себебі анықталады. Облыстық полиция департаменті еріктілер мен көмектескен адамдарға алғыс айтады,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, 17-қараша күні сағат 17:00 шамасында екі оқушы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шығып кетіп, хабарсыз қалған. Олар Хромтаудағы әжемізге барамыз деп кетіп қалған.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Қобда аудандық полиция бөлімінен 15, Ақтөбе облыстық полиция департаментінен 12 қызметкер мен еріктілер жұмылды.