Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізуші көлігімен бірге көпірге кептеліп қалды (видео)

0
804

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.


Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізуші көлігімен бірге көпірге кептеліп қалды (видео)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізуші көлігімен бірге көпірге кептеліп қалды, деп жазады inform.kz

Ақтөбе қаласындағы Заречный көпірінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. DAF автокөлігің жүргізушісі көпірмен жүріп, қатар келе жатқан машинаға жол бермеді. Сол кезде Kia маркалы көлік көпірдің қоршауына кептетіліп қалды.

«Ешкімнің денсаулығына зақым келмеді. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Облыстық полиция департаменті жолдағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады. Биыл 9 айда облыс жолдарында 391 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 68 адам қаза тапты. Тағы 520 адам түрлі жарақат алды»,- деді облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жыл соңына дейін облыс орталығында 452 «Сергек» зияткерлік камерасы бар 79 аппараттық-бағдарламалық кешен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 2400 камера орнату жоспарланды. Тек жүргізушілер емес, жаяу жүргіншілер де жолда қауіп төндіреді. Биыл 9 айда олардың қатысуымен 120 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 12 адам қаза тауып, 110 адам жарақат алды. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 8 мыңнан астам жаяу жүргінші мен 2,7 мың жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда 73 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 33 адам мерт болды.

Жол апатының 82% астамы халықаралық маңызы бар «Самара-Шымкент» және республикалық маңызы бар «Ақтөбе - Атырау – РФ шекарасы (Астрахань қ.)» тиесілі. «Мас жүргізушілердің кінәсінен биыл 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 2 адам қаза тауып, 16 адам түрлі жарақаттар алды», – деді Атығай Арыстанов. Сондай-ақ, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған 113 мас жүргізуші қылмыстық жауапқа тартылды.