Жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдығын басқара алмай, 45 жолаушы мінген №21 автобуспен соқтығысқан.
ERNUR.KZ. Жол көлік апаты 2 маусым күні Жаңақоныс тұрғын алабының маңында болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады exk.kz.
Жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдығын басқара алмай, 45 жолаушы мінген №21 автобуспен соқтығысты. Қатты соққыдан автобус 33 адам мінген №45 бағыттағы басқа автобусқа соғылды.
"Автобус жолаушылары түрлі дене жарақатымен Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Жол көлік апатынан жеті жолаушы зардап шекті", - деді облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертті.