Ақтөбеде жүктіліктің жетінші айында жүрген келіншек автобустан құлап кеткен

0
913

Ол көлік қозғала бастағанда автобустан түсе алмай, пакеттерімен бірге жерге құлаған.


Ақтөбеде жүктіліктің жетінші айында жүрген келіншек автобустан құлап кеткен

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жүктіліктің жетінші айында жүрген келіншек автобустан құлап кеткен, деп жазады Диапозон

Ол көлік қозғала бастағанда автобустан түсе алмай, пакеттерімен бірге жерге құлаған. Соққы алған 29 жастағы әйел белінен де жарақат алған.

Сәуірдің 1-і күні кешке Макаренко аялдамасында жүкті әйел №24 автобус баспалдақтарымен төмен түсіп бара жатқанда, автобус кенеттен қозғалып кеткен. Әйел сөмкелерімен бірге лай жерге құлап, белін жарақаттап алған. Жүргізуші мен кондуктор жолаушыға көмектеспей, бұл оқиғаға мән бермей өте шыққан.

"№ 24 автобустың жүргізушісі, мемлекеттік нөмірі 614AL04, жол бойы өте жылдам жүрді. Соның салдарынан мен аялдамамнан автобустан түскенімді күтпей, лайға құладым. Кондуктор да, жүргізуші де менің орнымда және қолымда пакеттермен тұрғанымды көргенімен, көмекке шықпады. Оның алдында күйеуіме телефон соғып, базардан кететінімді, мені қарсы алу қажеттігін ескерттім. Өз бетімше тұрдым, бірнеше минуттан кейін күйеуім жүгіріп келді. Басында мен оған ештеңе айтпадым, ол ашуланып автобустың соңынан кете ме деп қорықтым. Үйге жеткенде бәрін айттым”, – дейді зардап шеккен жолаушы.

Айтуынша, бел әлі ауырсынады. Сол күні куәгерлердің де көп болғанын айтады.

Жүргізушіні жұмыстан шығарып, нанынан айырғым келмейді. Бірақ жазасыз қалса, бұл қайталануы мүмкін”, – дейді әйел.

Автопарк өкілдері жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, оған қатысты шара қолданылатынын хабарлады.

"Автопарк" ЖШС оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Жолаушы жеке басын анықтау және жауап беру үшін полицияға арыз берді. Біз жүргізушінің барлық деректерін құзырлы органдарға жібердік. Тексеруден кейін кінәсі анықталса, жүргізушіге шара қолданылады. Әзірге бізде басқа фактілер жоқ”, – деді "Автопарк" ЖШС өкілі Руслан Жылқаманов.