Ақтөбеде жүргізуші көлігімен бірге өзенге батып кетті 07.06.2022 16:41 0 404 Көліктің ішіне су толып, жүргізуші қаза тапты. ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Алға ауданында қайғылы оқиға болды. Оқиға кеше болған, деп жазады exk.kz.Қурайлы ауылының 55 жастағы жүргізушісі Алға ауданында апатқа ұшырады. Жүргізуші далалық жолмен жүріп рөлге ие бола алмай, Қарақобда өзеніне аударылған. Көліктің ішіне су толып, жүргізуші қаза тапты.