Апат 3 желтоқсанға қараған түні болған.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде 25 жастағы жүргізуші қыз аялдамаға соқтығысты, деп жазады Tengrinews.kz.
Апат 3 желтоқсанға қараған түні болған.
"BMW көлігінің 25 жастағы жүргізушісі әуежайдан Бөгенбай батыр даңғылы бойымен жүріп бара жатып, жол белгісі мен аялдаманы қағып кетті", - деді полиция қызметкерлері.
Бойжеткен зардап шекті, ол Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.