Оқиға 13 қаңтар күні болды.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Ақтөбелік полиция қызметкеріне хат жазып, жарты сағаттан соң үйіне келуін сұраған. Учаскелік инспекторлар мекенжайға дереу барғанда үй иесінің асылып тұрғанын көрді, деп жазады inform.kz.
Оқиға 13 қаңтар күні болды.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Мерген Байжанов пен Нұрхат Сәлімгереевке жергілікті тұрғын алыс жолға шыққанын, жарты сағаттан соң үйіне келуін сұраған. Полиция қызметкерлері ол тұратын мекенжайға дереу жетеді.
- Үйге жақындаған кезде үй иесінің жіпке асылып тұрғанын көрген. Жүгіріп жеткен полиция капитаны Н.Салимгереев жігітті дереу көтеріп алып, әріптесі Мерген Байжанов оның мойнындағы жіпті кесіп үлгерген. Ес-түссіз жағдайда болған тұрғынға олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адамның жағдайы қалыпты.
Ол отбасылық ұрыс-керістен соң осы қадамға барғанын айтқан.
- Күндіз ғана бұл азаматты қаладағы сауда орындарының бірінен көріп, амандасқан болатынбыз. Жол жүріп кеткені жайлы хабарламасы бірден күдік тудырып, жедел жеттік. Ең бастысы, әрине, оның амандығы,- деді учаскелік полиция инспекторы Нұрхат Сәлімгереев.
Еске салсақ, 13 қаңтар күні түнде ер адам әйелді кепілге алды.
Қылмыстық оқиға кезінде ерлі-зайыпты көз жұмып, ал оның қызы ауруханаға түсті.
Кепілде болған әйелді нейрохирургтар мен травматологтар емдеп жатыр.