Салтанатты шараны ашқан облыс әкімі жиналғандарды Республика күнімен құттықтады.
Республика күніне орай Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ақтөбелік азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады, деп жазады Zakon.kz.
Салтанатты шараны ашқан облыс әкімі жиналғандарды Республика күнімен құттықтады.
Өңір әкімі 2022 жылы Мемлекет басшысының ұсынысымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылғанын баса атап өтті.
Өңір басшысы барлық келелі істер, өзгерістердің табысты іске асырылуы – әрбір қазақстандықтың нақты іс-әрекетіне байланысты екенін, бұл ұстанымға берік Ақтөбе облысының тұрғындары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келе жатқандығын тілге тиек етті.
Оның айтуынша, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері облыста 13 млн 622 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.