Ақтөбенің бұрынғы бас экологы пара алғаны үшін сотталды

0
560


Ақтөбенің бұрынғы бас экологы пара алғаны үшін сотталды

ERNUR.KZ. 19 мамырда Ақтөбе облыстық соттың сот алқасы экология департаментінің бұрынғы басшысын мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салып, 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, Нұржан Аққұл бұған дейін бірінші сатыдағы сот экс-шенеунік 400 мың теңге пара алғаны үшін 12 миллион теңге айыппұл салған болатын. Облыстық сот сотталушының жазасын қатаң жазаға ауыстырғанын түсіндірді.

"Сот алқасы жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сондай-ақ ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталушының жеке басын ескере отырып, ол қабылдаған ант пен кәсіби антты бұзып, бас бостандығынан айыру түрінде қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдады", - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Аққұл Табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдалану басқармасының басшысы кезінде кәсіпкерден 400 мың теңге пара алған. Ол үшін шенеунік жергілікті ЖШС үшін экологиялық рұқсат беруге уәде еткен.