Жалын 1650 шаршы метр аумақты шарпыған.
© Foto : КЧС МВД РК
ERNUR.KZ. Ақтөбедегі Орталық базардан өрт шықты, деп жазады Sputnik.kz ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.
9 мамыр күні түнгі сағат 04.30–да "Айсултан" сауда павильонының төбесінде өрт шыққан. Жалын шарпыған аумақ ұлғая түсіпті.
Сағат 05.52 кезінде өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады. 06.28-де өрт толықтай сөндіріген. 1650 шаршы метр аумақ отқа оранды.
Өрт сөндіруге Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 127 адам мен 20 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.