Алакөл табиғи паркінде жарылыстан 1 адам қаза тауып, жетеуі жарақаттанды

0
1 197

Түрлі жарақат алған 7 жұмыскер ауруханада.


Алакөл табиғи паркінде жарылыстан 1 адам қаза тауып, жетеуі жарақаттанды

ERNUR.KZ. Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты және жетеуі жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«10 сәуірде сағат 15:00 шамасында Алматы облысы Үшарал қаласында Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігінің аумағында автоцистерна сорғышына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Соның салдарынан Алакөл аудандық ауруханасына түрлі жарақат алған 8 жұмыскер жеткізілді. Олардың біреуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды», - делінген ҚР ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі таңда жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.