Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шара әзірленеді

0
639

​Президент жолдауын жүзеге асыруға арналған жалпыұлттық жоспар аясында ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдауға басымдық беріледі.


Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шара әзірленеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Депутат мандатын бөлу кезінде квотаны міндетті түрде ескеру бойынша талап заң жүзінде бекітіледі. Сонымен қатар квота бөлінетін азаматтар санатының тізімін кеңейту жоспарланып отыр», – деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру мақсатында ортамерзімді кезеңге арналған стратегиялық құжат бекітіледі.

Бұған қоса отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгеріс енгізіліп, алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шара әзірленеді.