Алексей Цой алдағы уақытта білімі мен тәжірибесін ғылымға арнайтынын айтты

0
533

Бүгін Алексей Цойдың денсаулық сақтау министрі қызметінен бостылды.


Алексей Цой алдағы уақытта білімі мен тәжірибесін ғылымға арнайтынын айтты

ERNUR.KZ. Бұған дейін Денаулық сақтау министрі қызметін атқарған Алексей Цой өзіне сенім білдіргені үшін барлығына алғысын айтты. Ол алдағы уақытта білімі мен тәжірибесін ғылымға арнамақ, деп жазады exk.kz.

Алексей Цойдың жазбасы Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Ол өзіне сеніп тапсырылған қызмет үшін алғысын айтып, алдағы уақытта білімі мен тәжірибесін ғылымға арнайтынын жазған.

"Бүгін менің азаматтық сектор арқылы ғылым мен әлеуметтік бастамалармен денсаулық сақтау саласын дамытуға деген шешімімді қолдау тапты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыру, денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру көзделген. Осы мақсатта ауқымды істер атқарылды. Ауруханалар салынды, отандық фармацевтика қарқынды дамып келеді, жылжымалы медициналық кешендер ел аумағына шықты, QazVac вакцинасы шығарылды және тағы басқа көптеген жұмыс жасалды. Осы орайда сенім білдіргені үшін барлығына алғысымды білдіремін", — деп жазды Алексей Цой.

Еске салайық, бүгін Алексей Цойдың денсаулық сақтау министрі қызметінен бостылғаны жайында жазған болатынбыз.