Министр қаладағы эпидемиологиялық ахуалды бақылаудың жеткіліксіздігін тілге тиек етті.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы медициналық активінің алдына бірқатар маңызды міндет қойды, деп жазады Қазақпарат.
Министр қаладағы эпидемиологиялық ахуалды бақылаудың жеткіліксіздігін тілге тиек етті. Осылайша, А.Цой Алматы медициналық активінің алдына бірқатар маңызды міндет қойды, оларды қысқа мерзімде шешу қажеттігі де айтылды.
Атап айтқанда, резервтік ауруханалардың қуаттын арттыру, КВИ таралуының алгоритмін әзірлеу, шаһардағы ересек халықты вакцинамен барынша қамту үшін екпенің қосымша көлемін жеткізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Министр алғашқы медициналық-санитарлық көмек, науқастармен байланысқа түскен адамдарды дер кезінде қалалық емхана деңгейінде анықтау, тексеру және бақылау шараларын жүзеге асыруға баса назар аударды. Ол коронавирустың таралу ошақтарын уақтылы зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, КВИ жағдайларының бақылаусыз өсуіне себеп болуы мүмкін екендігіне екпін берді. Кездесу барысында науқастармен байланыста болған адамдарды уақытылы анықтау, олардың денсаулық жағдайын бақылау және мониторинг жүргізу қажетті айтылды.
Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда санэпидбақылау, медфармбақылау аумақтық департаменттері мамандарының қатысуымен КВИ-мен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысын өткізді.