Ол отандық вакцинаны күтеді.
ERNUR.KZ. Алексей Цой әзірге екпе салдырмайды. Отандық вакцинаны күтеді. Елордадағы емхана жұмысын тексеруге келген министр осылай деді, деп жазады 24.kz.
Оның айтуынша, өзіне салдыртпақ "QazVac" қазір соңғы сатысынан өтіп жатыр. Ол осы айдың соңына қарай қолданысқа еніп қалуы мүмкін.
Осы ретте ведомство басшысы "Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта өндіріліп жатқан ресейлік "Спутник V" вакцинасын отандық өнім" деп, айды аспанға бірақ шығарды. Министрдің сөзіне сенсек, басқа ел ойлап тапқан өнімді өзімізде өндіру де өте күрделі технология. Сондықтан әлгі вакцинаны Қазақстанда шығарылған деп толық сеніммен айтсақ болады деді.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- "Спутник V" де қазақстандық вакцина. Ол біздің елде өндірілген. Субстанциясы Ресейге тиесілі шығар. Бірақ вакцина Қазақстанда өндірілді. Сондықтан оны отандық өнім деп айтуға болады. Сыртқы қаптамасында да Қазақстанда шығарылған деп жазылады.