Әлемнің үздік 50 мұғалімі қатарына енген қазақстандық миллион доллар үшін бақ сынайды

0
552

Әлемнің үздік педагогтері қатарына физика пәнінің мұғалімі Асхат Жұмабеков те ілінген.


Әлемнің үздік 50 мұғалімі қатарына енген қазақстандық миллион доллар үшін бақ сынайды

ERNUR.KZ. Семейлік мұғалім Global Teacher Prize халықаралық премиясында әлемнің топ-50 мұғалімі қатарына кірді. Енді қазақстандық бір миллион доллар мөлшеріндегі бас жүлде үшін бағын сынайды, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлемнің үздік педагогтері қатарына физика пәнінің мұғалімі Асхат Жұмабеков те ілінген. Ол Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінде сабақ береді. Мұғалім заманауи мектептерге жаңа буын қажет деп санайды. Яғни, жаңа технологиялардың жылдам өзгеруіне бейімделе алатын және оған ден қоя алатын мамандар бірлескен ортада жақсы жұмыс істей алады және оқушылардың жеке қажеттілігіне сәйкес оқу бағдарламасын енгізе алады.

"Асхат Жұмабеков оқу үдерісінде заманауи оқыту әдістерін қолданатын прогрессив педагог саналады. Ол АҚШ, Сингапур, Финляндия сияқты білім беру саласындағы әлемнің жетекші елдерінің жаңа технологияларына қызығушылық танытады. Алған білімін өз жұмысында пайдаланады. Асхат сандық білім беру, зерттеу және зертханалық жұмыстарға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан ол педагогикалық қауымдастық құрып, сабақтарды жоспарлау, тілдік тәжірибені дамыту үшін тиімді шаблондар әзірледі", - деді қор өкілдері.

Асхаттың шәкірттері ғылыми жобалар, халықаралық олимпиада жүлдегерлері, сондай-ақ АҚШ, Гонконг, Абу-Даби және Ресейде жоғары білім алу үшін стипендия иегері болған.

2019 жылы Асхат Жұмабеков "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының топ-10 мұғалім қатарына енген. Ол Қазақстаннан "Әлем мұғалімі" әлемдік сыйлығына ұсынылды, онда жеңімпаз миллион доллар көлемінде сыйлық алады. Бұл сыйлық мұғалімдер үшін Нобель сыйлығының аналогы саналады. Асхат Жұмабеков премия тарихында әлемнің топ-50 мұғалімі қатарына кірген алғашқы қазақстандық атанды.

"Қазақстан мұғалімі" сыйлығы биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Ал, 24 қыркүйекте ресми нәтиже жарияланады. Сондай-ақ, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін ауыл мектептеріне миллион теңге сомасында 30 грант бөлу қарастырылған.