Әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігі күшейтілді

0
66

Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік сатып алу рәсімдері толығымен электронды форматқа көшірілген.


Әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігі күшейтілді

ERNUR.KZ. Арнайы веб-порталда 18 мыңға жуық тапсырыс беруші, 120 мың өнім беруші тіркелген. 2025 жылы мемлекеттік сатып алулардың саны 1 млн-ға жетіп, 9,6 трлн теңгені құрады. Жасалған 1 644 мың шарттың құны 8,1 трлн теңгеге тең. Оның ішінде отандық өнім берушілермен 456 млрд теңгеге 167 мың шарт жасалған. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, көрсеткіштердің өсуіне жаңа заң шеңберіндегі сатып алу мерзімдерін қысқарту мен рәсімдерін оңтайландыру тікелей әсер етті. Процедураларға қатысты барлығы 22 561 шағым келіп түсті. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 21%-ға төмен.

«Конкурстарды өткізу мерзімі 60 күннен 10 күнге дейін, ал рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс 30 күннен 5 күнге дейін қысқарып отыр. ЖИ элементтерін қолдану арқылы жеңімпазды анықтайтын жүйе бар. Келесі жаңашылдық – конкурстардың қорытындысы бойынша шағымдарды қарау процедурасының өзгеруі. Егер 2025 жылға дейін шағымдарды қарау бірнеше кезеңнен тұрса, оның ішінде Ішкі мемлекеттік аудит қарайтын. Одан кейін оларды комитеттің орталық аппараты, одан кейін аппеляциялық комиссия қарайтын. Қазір бұл процесс мейлінше оңтайландырылды. Шағымдарды қарау тапсырыс берушінің өзіне жүктелді. Оған 3 күн беріледі», – деді спикер.

Егер әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қорытындысымен келіспесе, ол сотқа шағымданады. Осы уақытта конкурстың өткізілуі тоқтатылмайды. Сатып алулардың сапасына да ерекше көңіл бөлінеді. ЕРС, орнықты шарттар енгізілді.

Заңнамада әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігін арттыруға да қатысты өзгерістер бар. Қоса мердігердің беретін қаражат көлемі 50%-дан 30%-ға дейін түсті. Егер әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізімінде болса, оның баллы 0,2%-ға төмендейді.