“Альфа-Банктің” Қазақстандағы ұйымы “Банк ЦентрКредитке” қосылды

0
792

Елдегі банктер арасында активтер мөлшері бойынша “Банк ЦентрКредит” - жетінші, Eco Center Bank 11-орында.


“Альфа-Банктің” Қазақстандағы ұйымы “Банк ЦентрКредитке” қосылды

ERNUR.KZ. Eco Center Bank АҚ “Банк ЦентрКредит" АҚ-ға қосылды. Мұндай шешімді екі компанияның акционерлері 3 тамызда қабылдаған, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетейік, ресейлік “Альфа-Банктің” Қазақстандағы бөлімі мамырда Eco Center Bank денен жаңа атау алған болатын. Ресейлік банк санкцияға ілінгенде, оның Қазақстандағы еншілес ұйымы атауын өзгертумен ғана шектелмей, басқа компанияға қосылатынын да жариялаған.

Елдегі банктер арасында активтер мөлшері бойынша “Банк ЦентрКредит” - жетінші, Eco Center Bank 11-орында. Бұл - Ұлттық Банктің 1 маусымдағы дерегі.