Оқу бағдарламалары жетілдірілгеннен кейін АӘТД пәнін оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының мазмұны қайта қаралатын болады.
ERNUR.KZ. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘТД) пәнінің атауы өзгеретінін мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде Оқу-ағарту министрлігі білім алушыларда әскери іс негіздері бойынша қажетті білімді, іскерлікті, төтенше жағдайларда қажет дағдыларды игеруді қалыптастыру үшін АӘТД пәнін «Бастапқы әскери дайындық» пәні деп өзгерту жұмыстарын жүргізуде. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында құрамында практик-мұғалімдер, жетекші ғалымдар, әдіскерлер қатарынан 300-ге жуық әзірлеуші бар жұмыс топтары қолданыстағы бағдарламаларды жетілдірумен айналысуда», - деп жазылған жауапта.
Соның ішінде АӘТД пәнінің қолданыстағы бағдарламасы да жетілдіріліп жатыр.
«Оқу бағдарламалары жетілдірілгеннен кейін АӘТД пәнін оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының мазмұны қайта қаралатын болады», - деп жазады Үкімет басшысы.