Alibaba сауда желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды

0
662

B2B форматындағы платформасында ең ірі әлемдік платформада ашылған ұлттық павильон қазақстандық өндірушілерге өз өнімін интернет арқылы кедергісіз сатып, жарнмалауға мүмкіндік береді.


Alibaba сауда желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды

ERNUR.KZ. Alibaba.com. сауда платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

B2B форматындағы платформасында ең ірі әлемдік платформада ашылған ұлттық павильон қазақстандық өндірушілерге өз өнімін интернет арқылы кедергісіз сатып, жарнмалауға мүмкіндік береді.

Палиьонның ашылуына орай Zoom-конференция форматында өткен жиынға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, QazTrade АҚ Бас директоры Аазамат Асқарұлы, Alibaba.com вице-президенті Эндрю Женг қатысты.

Вице-министр Қайрат Төребаев бүгінгі таңда электрондық коммерция қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстанның әлемдік трендпен бірге тыныстауға дайын екенін атап өтті. Оның пайымынша Alibaba компаниясымен арадағы ынтымақтың арқасында қазақстандық компаниялар өз өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжыту мүмкідігін кеңейте алады.

«Alibaba» алаңында ұлттық павильонның ашылуы шетелдік сатып алушылар тарапынан Қазақстан өнімдеріне жоғары сұраныс бар екнен растады», - деді вице-министр.

Ал «QazTrade» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлының айтуынша, отандық компаниялардың өнімін маркетплейстер арқылы таныту тиімділігін көрсетіп отыр. Электрондық алаңдарда сауда жасай бастаған компаниялардың сату көрсеткіші жақсара түскен.

Қазір Alibaba.com. базасындағы Қазақстанның ұлтты павильонында 130 қазақстандық компания «алтын» мәртебелі жеткізуші ретінде тіркелген. Олар 7500-ден астам тауарды ғаламдық платформа арқылы сатып отыр.

ТМД мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында Қазақстан Ресей Федерациясынан кейін Alibaba.com алаңында палһвильонын ашқан екінші ел

Alibaba - айналымы 106 млрд доллар болатын, «B2B» форматы онлайн тауар сататун платформа.

Еске салсақ, жыл басында Qaztrade бизнесті қолдауда экспорттық акселерация мен маркетплейстерге шығаруды бастайтынын хабарлаған болатын.