Бұғау салынған мүліктің сомасы: 2 180 388 000 теңге.
"АлмаТел Қазақстан" (Алма ТВ) компаниясының 2,18 миллиард теңге көлеміндегі ақшасы мен мүлкіне бұғау (арест) салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстан қор биржасының сайтына сілтеме жасап.
KASE сайтындағы ақпаратқа сәйкес бұғау салынған мүліктің атауы: "АлмаТел Қазақстан" АҚ кассасында жатқан және түсетін ақша қаражаты, "АлмаТел Қазақстан" АҚ-ға тиесілі жылжитын және жылжымайтын мүлік, екінші деңгейлі банктердегі ақша қаражаты мен өзге де мүліктер. Бұғау салынған мүліктің сомасы: 2 180 388 000 теңге.
Бұғау салу шешімінің датасы – 2018 жылдың 12 сәуірі.