Қазіргі уақытта аурухана, кеден, шекара мен бірінші кезектегі қызметтер үшін маска жеткілікті.
ERNUR.KZ. Қала әкімдігі маска тапшылығына байланысты өз өндірісін құрмақ. Бұл туралы Ержан Бабақұмаров мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Алматыда маска тапшылығы байқалады. Себебі шикізат жоқ. Ол бұрын Қытайдан жеткізілетін. Эпидемияға байланысты импорт тоқтады. Әкімдік қазіргі уақытта қалада немесе облыста маска шығаратын өндіріс орнын ашу мәселесімен айналысуда. Жақын арада біз бұл проблеманы шешеміз деген ойдамын»,– дейді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта аурухана, кеден, шекара мен бірінші кезектегі қызметтер үшін маска жеткілікті.