Алматы әкімдігін басып алуға қатысты деген күдіктілер ұсталды

0
735

Бас прокуратура мәліметінше, қаңтардағы лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеру жалғасып жатыр.


 Алматы әкімдігін басып алуға қатысты деген күдіктілер ұсталды

Алматыда қала әкімдігі ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысты деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура мәліметінше, қаңтардағы лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталған.

"2022 жылғы 5 қаңтарға қараған түні Алматыда қала әкімдігі ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетел азаматы анықталды. Олар ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған. Олар полицейлерден құралдарын (қалқандар, таяқшалар) тартып алып, ұрып-соққан", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қылмыскерлердің жеке басы бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде анықталған.

"1 ақпанда сот санкциясы бойынша, күдіктілер қамауға алынды. Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігі ("Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу"), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары ("Билік өкіліне күш қолдану") бойынша сараланды", - делінген хабарламада.