Алматы әкімі отбасы жайлы қауесетті кімдер таратып жүргенін айтты

0
2 226

Автотұрақтарды менің отбасым иеленіп алған.


Алматы әкімі отбасы жайлы қауесетті кімдер таратып жүргенін айтты

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзі және отбасы жайлы тараған түрлі қауесеттерге түсініктеме берді, деп жазады

Оның айтуынша, қалада тәртіп орнатыла бастаса, мүдделі тұлғалар әртүрлі қауесет таратып, өздерінің қарсылықтарын білдіріп жатады.

"Заңсыз тұрған дүңгіршектерді сүре бастасақ, "әкім өзінің дүңгіршектерін орнатқысы келеді" дейді. Жолдарды жөндесек, "бордюр мен плита зауыттары әкімге тиесілі" деп шығады. Сондықтан біз мердігерлерден құрылыс материалдарын қандай зауыттардан алатыны туралы ақпаратты жариялауды талап етіп отырмыз",- дейді әкім ОКҚ-де өткен брифингте.

Байбек кейбір құрылыс материалдарының екінші рет пайдаланылатынын да атап өтті.

"Тіпті, ескі асфальттың өзін жолға төгу үшін пайдаланамыз. Қоршау өз иесінде қалады, ал трамвай рельстері мен ескі вагондар, сіздер білесіздер, ашық электронды сауда-саттық арқылы сатылады", — деді қала басшысы.

Сондай-ақ, ол ақылы автотұрақтарға қатысты тараған өтірік әңгімеге де тоқталды.

"Автотұрақтарды менің отбасым иеленіп алған деген қауесет шығарды. Менің ойымша, мұны заңды жұмыстың жүргізілмегенін қалайтындар жасап отыр. Осы әрекеттері арқылы олар әкімдікке қысым көрсетіп, онсыз да қиын көлік реформасын жүргізуге кедергі келтіргісі келетіні анық", — дейді Байбек.