Алматы әуежайына ПТР-анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

0
2 687

Ол Қырғызстаннан ұшып келген


Алматы әуежайына ПТР-анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

ERNUR.KZ. 10 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 22 халықаралық әуе рейсімен 3 мыңға жуық жолаушы келді. Келген жолаушылардың 2598-інде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 374 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

  • Алматы әуежайына – 14 рейс (1 833 жолаушы, анықтамамен - 1 798, анықтамасыз – 35);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 3 рейс (347 жолаушы, анықтамамен - 195; анықтамасыз – 152);
  • Шымкент әуежайына – 2 рейс (барлық 333 жолаушы анықтамамен келген);
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 129 жолаушы, анықтамамен келген);
  • Ақтөбе әуежайына – 1 рейс (232 жолаушы, анықтамамен - 45; анықтамасыз – 187);
  • Атырау әуежайына – 1 рейс (барлық 98 жолаушы, анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 10 наурызда Қырғызстаннан Алматы қаласының әуежайына ПТР-анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды.