Бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 4-ші департаменті жүргізіп жатыр.
ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті - әкімшілік департаменті басшысының орынбасары түрік топ-менеджері Уфук Сертті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері есірткі ісі бойынша ұстады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Бүгін Алматы әуежайында есірткіге қатысты іс бойынша тінту жүргізілді, әуежай басшылығы орналасқан штаб-пәтерде тергеу шаралары жүргізілді. Уфук Сертке қатысты сұрақтар туындады, ол ұсталды", - деді жағдаймен таныс дереккөз ҚазТАГ агенттігіне.
Редакцияға Серттің ұсталғанын тағы бір дереккөз растаған, ол бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 4-ші департаменті (экономикалық қауіпсіздікке жауапты) жүргізіп жатқанын және бір топ адам ұсталғанын айтқан.