Президенттің Алматыға жұмыс сапары қала әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көруден басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына терминалдың ашылуы қарсаңында құрылыстың қалай жүргізілгені жөнінде баяндалып, жолаушыларды тіркеу, шекара және кедендік бақылау аймақтары, жүк бөлімі таныстырылды.
"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Альп Эр Тунга Эрсой сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып салынған терминал магнитудасы 10 балға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алатынын айтты. Ғимараттың жалпы ауданы 53,5 мың шаршы метрді құрайды, жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады.
Жаңа терминал Орталық Азияда бірінші болып Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE) бағдарламасы бойынша сертификат алады.
Бұдан кейін президент әуежайдың жаңа VIP-терминалын аралап көрді.