Алматы ауруханасындағы 2 жасар тастанды сәби балалар үйіне ауыстырылды

0
475

Бұған дейін қыркүйектен бастап Алматы ауруханаларының бірінде екі жасар бала жатқаны хабарланды. Баланың ата-анасы оны ауруханадан алып кетпеген.


Алматы ауруханасындағы 2 жасар тастанды сәби балалар үйіне ауыстырылды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қорғаншылық және қамқоршылық орган өкілдері Алматы ауруханасында тасталған екі жасар бала туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Шенеуніктер мәліметінше, сәби төрт ай бойы тұрған №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасынан балалар үйіне ауыстырылған.

"Сәби балалар үйіне тапсырылған. Дені сау. Әкесі болуы мүмкін деген азамат сотқа арызданды. Сот шешімін күтіп отырмыз", - деп мәлімдеді Алматы қаласы Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Таирова.
Бұған дейін қыркүйектен бастап Алматы ауруханаларының бірінде екі жасар бала жатқаны хабарланды. Баланың ата-анасы оны ауруханадан алып кетпеген.