Осыған дейін Алматы әуежайында көліктерге арналған қосымша кіреберіс ашылғаны туралы жазған едік.
Фото: Алматы әуежайы
ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап әуежай аумағындағы алаңда және жабық тұрақ кешенінде көлік құралдарының тұрағы үшін тариф өзгеретінін мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
"Алматы халықаралық әуежайы келер жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрақ қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар мен шығындарын ескере отырып, әуежайдың көлік тұрақтарына жаңа тарифтер енгізілетінін хабарлайды. Біз тұрақ қызметін жақсартуға ұмтылып, оны үнемі жаңартып, жетілдіріп отырамыз. Жаңғырту шараларына екінші қабатқа арналған жаңа кіреберіс пандусты салу, тұрақ орындарын кеңейту арқылы сұранысты қанағаттандыру, сондай-ақ көлік нөмірлерін автоматты түрде тану жүйелері сияқты заманауи технологияларды енгізу кіреді. Бұл өзгерістер барлық тұтынушыларымыз үшін қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған", - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.