Алматы хостеліндегі өрт: күдіктілерге қандай айып тағылды

0
280

Оларға өрт адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарын бұзды деген айып тағылған.


Алматы хостеліндегі өрт: күдіктілерге қандай айып тағылды

фото:Sputnik /Камшат Абдирайым

ERNUR.KZ. Алмалы аудандық қылмыстық сотында 13 адам қаза тапқан Almaty Hostel-дегі қайғылы өрт туралы іс бойынша айыптау актісі оқылды. Екі адамның үстінен қылмыстық іс қаралып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Олардың бірі жатақхана иесі және үй-жайды жалға алушы Әділбек Мұхамедияров, екінші сотталушы - өрт дабылын орнату жұмыстарын жүргізген компанияның екінші басшысы Александр Пекелник.
Оларға өрт адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарын бұзды деген айып тағылған. Прокурор Нұрасхан Мырзалы өзінің айыптау актісінде айыпталушы Александр Пекелник 2007 жылдан бастап ғимаратта өртке қарсы жүйені орнатумен айналысқанын айтты.
Тергеу мәліметтері бойынша, оның жұмысын "Куса Халык" ЖШС қабылдады, кейін үй-жай жатақханаға тапсырылды. Прокурор Пекелник бірқатар елеулі бұзушылықтарға жол берді, хабарлағыштардың санын шартта көзделгеннен аз орнатты, соның салдарынан өрт дабылы жүйесі іске қосылған кезде тиісті деңгейде естілмеген деп санайды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін "Куса Халык" ЖШС орындалған жұмысты қабылдап, кейін ғимаратты "Ala Hostel" ЖШС жатақханасына жалға берген.
Былтыр қыркүйекте "Куса Халык" ЖШС жатақханамен шарт жасасқан. Айыптау актісіне сәйкес, үй-жайды жалға алған Әділбек Мұхамедияров қажетті өрт қауіпсіздігі құралдарымен қамтамасыз етпей, адамдарды жертөлеге орналастырған. Дәліздерде қойылған қосымша матрацтар эвакуациялық шығу жолын жауып тастаған, салдарынан 30 қарашада өрт бірнеше адамның өмірін жалмады.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы сарапшылардың қорытындысына сәйкес, өрт кезінде эвакуацияны басқару және құлақтандыру жүйесінің дыбыстық сигналдары қажетті деңгейде болмаған. Сондай-ақ бөлме қажетті өрт қауіпсіздігі құралдарымен жабдықталмаған.
Еске сала кетейік, былтыр 30 қарашада сағат 5:30 шамасында №15 бөлменің алдындағы жертөле дәлізінде ашық өрт болып, ол №15 бөлменің есігінің алдында қабырғаға сүйелген матрацтарға ауысқан. Салдарынан түтін дәлізде және бөлмелерде тез тараған. 67 тұрғын қашып үлгерген, алайда өрт ошағына жақын бөлмелерде болғандар қайтыс болды.