Алматы кіреберісіне 19 экобекет қойылатын болды

0
2 641

2020 жылды атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары шамамен 140 мың тоннаны құраған.


Алматы кіреберісіне 19 экобекет қойылатын болды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Алматыда 19 экобекет қойылатынын айтты деп, жазады nur.kz.

Қожағапановтың айтуынша, 2020 жылы әкімнің қаулысымен дизельді және бензинді автобустар мен техника сатып алуға тыйым салынған. Бүгінде қаланың маршруттарында 17 электр автобусы жүрсе, биыл тағы 39-ы сатып алынады. Осы уақытта ол қалаға кіреберісте магистраль жолдарда да, ауыл аралық жолдарда да 19 экобекет қойылатынын айтты.


"Көлік құралдарының бензин мен дизельдік отынға шығарындыларын өлшеу жүргізіледі. Өткен жылы экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу мониторингі жүргізілді. Біз ауа, топырақ және судың ластануы туралы талдамалық мәліметтер базасын жинай бастадық. 10 автоматтандырылған бекет қойылып, азаматтарды сапалы ауа туралы ақпараттандыру бойынша жоба іске қосылды", – деді Қожағапанов.


Ол тек 2020 жылдың өзінде атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары шамамен 140 мың тоннаны құрағанын атап өтті.