Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесі видеоға түсіп қалды

0
201

Куәгердің айтуынша, бұл Алматы-Бішкек тасжолында, Алматы маңында болған.


Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесі видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесі видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда бір жүргізушінің көліктегі екінші жүргізушіні соққыға жығып жатқанын көруге болады. Мұның бәрі жол үстінде болады.

Куәгердің айтуынша, бұл Алматы-Бішкек тасжолында, Алматы маңында болған.



Алматы облысының полицейлері жолда төбелес шығарғандар анықталғанын хабарлады. Қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Оқиғаны Қарасай аудандық полицейлері бұзақылық дерегі бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушыларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер қосымша беріледі", - деп хабарлады Алматы облыстық ПД.