Алматы маңындағы тауларға сырғанауға кеткен адамдар үсіп өле жаздады

0
890

Төрт және алты жастағы балаларды тауға ертіп кеткен ер адамдарды құтқарушылар түн ортасына қарай тапты


Алматы маңындағы тауларға сырғанауға кеткен адамдар үсіп өле жаздады

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар комитеті Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Алматы маңындағы тауларда тұманда адасып кеткен екі ер адам мен балаларды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Көкжайлау шатқалы аумағында адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама 5 қаңтар күні кешке түскен.
"Алынған мәліметке сәйкес, екі адам күндіз Көкжайлау аумағындағы тауларға шанамен сырғанауға таксимен кеткен, олармен бірге төрт және алты жастағы екі кішкентай бала болған. Екеуінің де телефоны жауап бермеді, содан кейін байланыс толығымен жоғалды", - деп хабарлады жедел-құтқару жасағының қызметкерлері.
Алты адамнан тұратын құтқарушылардың жедел тобы мен бір кинологиялық топ шұғыл түрде із-түссіз жоғалғандарды іздеуге жіберілді.
Ер адамдармен байланыс үзілгендіктен, олардың нақты орналасқан жері белгісіз болды. Құтқарушылар туристер жүретін барлық жолды қарап шығуға шешім қабылдады.
"Олар топтарға бөлініп, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Қою тұман мен түнгі уақыт жағдайды қиындатты", - деп түсіндірді ведомство.
Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды тек түн ортасына қарай Үлкен Алматы шатқалының аумағынан тапты. Оларға алғашқы медициналық көмек