Алматы маңындағы жол апаты салдарынан бір отбасы мүшелері қаза тапты

0
166

Жол апаты Қарғалы мен Ұзынағаш ауылдарының арасында 15 мамырға қараған түні болған.


Алматы маңындағы жол апаты салдарынан бір отбасы мүшелері қаза тапты

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысында Алматыдан 50 шақырым қашықтықта жол апаты болып, бір отбасы мүшелері қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Жол апаты Қарғалы мен Ұзынағаш ауылдарының арасында 15 мамырға қараған түні болған. Қайғылы оқиға орнында болған тілшіміз Daewoo Nexia көлігі Ұзынағашқа қарай бет алғанын анықтады.

Жол қиылыстарының бірінде, автомобиль доңғалағы ізіне қарағанда, ол белгісіз себептермен қарсы қозғалыс жолағына шығып, содан кейін өз жағына оралады. Одан соң доңғалақ іздеріне сәйкес, басқаруға келмеген Daewoo жол жиегіне ұшыпа кетіп, жазық даладағы кесілген үлкен ағаш діңгегіне соғылған.

Көлік қатты соққыдан мыжылып, одан әрі далаға қарай "домалай ұшқан". Төңкерілу кезінде кабина ішіндегі адамдар сыртқа "шашылған".

Көлік салонында алты адам болған, оның бірі - бір жасар бала.

Жол апаты салдарынан бір отбасы мүшелері көз жұмды: отағасы, отанасы және олардың бір жасар баласы. Тағы үш жолаушы жарақат алды. Олар жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, Алматы облысының анықтаушылары жұмыс істеді.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, жол апаты "Алматы – Жандосов-Бесмойнақ" тас жолының 53-шақырымында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, онда тап болған кедергіден аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен оның екі жолаушысы қайтыс болды. Түрлі жарақат алған тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді", – деп түсіндірді полициядағылар.

Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.