Алматы маңындағы жол-көлік оқиғасы: Үндістандық үшінші студент қайтыс болды

0
99

Кеше Алматы – Бішкек тасжолында жол апаты тіркеліп, 2 үндістандық студент жан тапсырған еді.


Алматы маңындағы жол-көлік оқиғасы: Үндістандық үшінші студент қайтыс болды

Фото: Алматы облысы ПД

ERNUR.KZ. Бүгін көліктегі Үндістанның үшінші студенті қайтыс болғаны хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

Үндістанның Астанадағы елшілігі көлікте Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің 4 студенті және Үндістаннан келген бір турист болғанын мәлім еткен еді.
Жол апатына ұшырағандар Шымкенттен Алматыға бағыт алған. Екі адам оқиға орнында қаза тапса, үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түскен-ді.

Бүгін елшілік 2001 жылы туған Рахул Ядав ауруханада көз жұмғанын қайғыра хабарлады. Ол 6 қаңтардағы қайғылы оқиғадан соң жансақтау бөлімінде ем алды.

Қазіргі уақытта оның мәйітін отанына жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.