​Алматы мен Алматы облысындағы тауларда үш тәулікте 36 қар көшкіні жүрген

0
530

Мұндай көшкіндерге тап болған адамдарды құтқару мүмкіндігі шамалы.


​Алматы мен Алматы облысындағы тауларда үш тәулікте 36 қар көшкіні жүрген

Сурет: Zakon.kz

ҚР ТЖМ Алматы және Алматы облысының тауларындағы қар көшкіні жағдайы бойынша есеп берді, деп жазады Zakon.kz.
"Қардың едәуір түсуіне, сондай-ақ оның еруіне, қардың тұрақсыз жай-күйіне байланысты Іле Алатауы тауларының баурайында өздігінен жаппай қар көшкіні жүрді", делінген ведомство хабарламасында.

22 наурызында республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауып, тауларда қар ұлғайып, қалыңдығы 22 см-ге дейін жетті. Ерекше жауын-шашын мен қардың еруі қар көшкінінің жүруіне әкеліп соқты. Жалпы көлемі 404 400 м3 болатын бес қар көшкіні оқиғасы тіркелді. Ең үлкен қар көшкіні Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде болды, көлемі - 400 000 м3 қар.

23 наурызда республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ашық және көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталды. Барлау жұмыстары кезінде өздігінен жүрген қар көшкінінің 15 жағдайы тіркелді, жалпы көлемі - 184 000 м3.

Қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Қазселзащита" ММ ұсынымдары бойынша қар көшкіні қаупі бар аймақтарға тұрғындар мен демалушылардың кіруіне шектеу қою үшін бақылау-өткізу бекеттері орнатылды, хабарламалар мен ұсыныстар берілді, "Қар көшкінінен сақ болыңыздар!!! ", қар көшкіні қаупі бар аймақтарға кезекті патрульдеу және тексеру жұмыстары жүргізілді.

"Көшкіндердің басым бөлігі жетуге қиын жерлерде, нысандар мен жолдардан алыс жерде болған. Ең көп қар көшкіні Алматының Үлкен және Кіші шатқалдарында болса, ең үлкені Түрген шатқалында 45 000 м3 қар жауған", делінген ведомство хабарламасында.

Пайда болған қар көшкіні "ылғалды" көшкіндерге жатқызылады, мұндай көшкіндерге тап болған адамдарды құтқару мүмкіндігі шамалы.

"Қазселденқорғау" ММ мен ТЖД алдағы күндері таулы аймақтарда жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.

Айта кетсек, 23 наурызда Алматыдағы "Жайлау" этно дәмханасы маңында лай көшкіні жүрді. Дәмхананы уақытша жаба тұру ұсынылды.