Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

0
386

Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді.


Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтыны ескертілді, деп жазады tengrinews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 қарашада Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Онда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.