Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
ERNUR.KZ. Бүгін, 7 қаңтар Алматы уақытымен таңғы 09:10 кезінде жер сілкінісі болды, деп жазады Kazinform.
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.3.
MPV магнитудасы — 4.6.
Тереңдігі — 10 шақырым.
«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында, оның ішінде Түргенде — 3 балл, Алматыда — 2 балл күші сезілді», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.