Алматы мен Қонаевты байланыстыратын ЛРТ жүйесін Оңтүстік Корея компаниясы салады

0
156

ЛРТ салу туралы меморандумға 2024 жылдың сәуір айында қол қойылды.


Алматы мен Қонаевты байланыстыратын ЛРТ жүйесін Оңтүстік Корея компаниясы салады

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысының әкімдігі Алматы мен Қонаевты байланыстыратын ЛРТ жүйесін Оңтүстік Корея компаниясы салатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

ЛРТ салу туралы меморандумға 2024 жылдың сәуір айында қол қойылды. Өңір әкімінің орынбасары Рустам Исатаев осы жобаны талқылау үшін Оңтүстік Кореяның RETD CO. LTD компаниясының делегациясымен кездесті.

"Алматы облысы – жоғары инвестициялық және инфрақұрылымдық әлеуеті бар қарқынды дамып келе жатқан өңір. Біз азаматтарымыздың көлік қолжетімділігі мен өмір сүру сапасын жақсартуға үлкен мән береміз. Маглев технологиясын қолданатын ЛРТ жобасы осы бағыттағы маңызды қадам болмақ", – деді әкімнің орынбасары.

Retd Co. LTD атқарушы директоры Ли Чан Вук магнитті аспа технологиясының артықшылықтары және компанияның Азия елдерінде осындай инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесі туралы айтты.

Рустам Исатаев Оңтүстік Корея Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екенін жеткізді. Сонымен қатар қазір Алматы облысында Оңтүстік Корея капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.

"Тараптар ЛРТ жобасын іске асыру өңірдің көлік жүйесін дамытудың жаңа кезеңі болатынына және технологиялық және экономикалық өсуге серпін беретініне сенім білдірді. Әкімнің орынбасары жергілікті атқарушы органдар жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде толық қолдау көрсететініне сендірді", – делінген хабарламада.

2023 жылы Қаскелең – Есік – Талғар – Алматы – Ұзынағаш бағыты бойынша ЛРТ-ны "Ташяпы" түрік компаниясы салатыны хабарланды.