Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
ERNUR.KZ. Жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Алматы мен Самарқанд қалалары арасында жаңа халықаралық тұрақты рейстер ашылады, деп жазады inbusiness.kz.
«2021 жылғы 8 маусымнан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында жаңа халықаралық тұрақты рейстер ашылады. Рейстерді «Эйр Астана» (3,7- күндері) және «Uzbekistan Airways» (2,6-күндері) әуе компаниялары аптасына 4 рет А-320/321 әуе кемелерімен орындайды», деп жазылған хабарламада.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Сонымен қатар,ведомство биыл наурыз айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында Ақтау-Үргеніш бағытында жаңа халықаралық рейсі іске қосылғанын атап өтті.
Ол рейстерді «SCAT» және «Uzbekistan Airways» әуе компаниялары орындайды. Жалпы қазіргі уақытта екі ел арасында Нұр-Сұлтан - Ташкент, Алматы - Ташкент және Ақтау-Үргенш бағыттарында 24 тұрақты рейс орындалады.