Алматы метросында оқ-дәрімен жүрген студент ұсталды

0
114

Жеке тінту кезінде оның жанынан Калашников автоматына тиесілі болуы мүмкін үш оқ табылған.


Алматы метросында оқ-дәрімен жүрген студент ұсталды

Фото: бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Алматы метросында кәмелетке толмаған жолаушыдан жауынгерлік болуы мүмкін үш оқ табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Полицияның хабарлауынша, "Райымбек батыр" метро станциясында Метрополитендегі полиция басқармасының қызметкерлері тексеру барысында қаладағы колледждердің бірінің студентін ұстады.

Жеке тінту кезінде оның жанынан Калашников автоматына тиесілі болуы мүмкін үш оқ табылған.

"Оқиға орнына Жетісу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу келді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, тиісті сараптамаға жолданды", – делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқ-дәрілердің қайдан шыққанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.